15.01.2015, 22:02 4420

Мемлекет басшысы елдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстыӊ салдары екеніне тоқталды.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеӊес барысында өӊірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстыӊ салдары екеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Дағдарыстыӊ көрінісі еліміздіӊ экспорттық тауарларыныӊ, әсіресе соӊғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасыныӊ төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерініӊ де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдіӊ қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соӊында Үкіметке оқиғаныӊ түрліше нұсқада өрбуініӊ сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканыӊ өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды.

- Бюджеттіӊ күрт қысқаруы себепті Үкіметке оныӊ бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаӊа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соӊ жалғастырылатын болады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті жағдай осылай өрбитінін еліміздіӊ болжағанын және жағымсыз құбылыстарды еӊсеру үшін тиісті шаралар әзірленгенін айтты.

- "Нұрлы жол" бағдарламасы елдіӊ инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға бағытталған, оныӊ бүкіл экономикаға мультипликативтік әсері болады. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 75 нысан іске қосылуы тиіс, олардыӊ негізінде 7500 жаӊа жұмыс орны құрылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларыныӊ байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты.

- Атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жәрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Басты міндет - дағдарыстан қарапайым адамдардыӊ жапа шекпеуін қамтамасыз ету. Мемлекет сауын сиыр емес, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда күрделі үрдістерді еӊсеруге мүмкіндік беретін қажетті резервтіӊ бәрі бар екенін атап өтті.

- Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылды 4,3 пайыздық өсіммен аяқтадық. Бұл қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Ресейдегі және Еуропадағы ахуалдыӊ өрбуін де бақылап отыру қажет. Халық табысыныӊ төмендеуі, көрші мемлекеттердегі әлеуметтік шиеленістіӊ күшеюі бізге де әсер етуі мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. Жылдыӊ негізгі қорытындыларын біз Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында шығарамыз. Ол кезге қарай Үкіметте ахуалдыӊ өрістеуініӊ барлық ықтимал жағдайына арналған нақты жоспар дайын болуы тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы ел ішіндегі маӊызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қаржыландырудыӊ негізгі көздері былтырғы жылы-ақ айқындалғанына тоқталды.

-Үкімет пен оныӊ әрбір мүшесі жұмыстыӊ тиімділігі мен қаражаттыӊ жұмсалуын бақылауға жауапты болады, - деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық экономика министрі Е.Досаев негізгі үш сценарийді әзірлеу барысында мұнай баррелі құныныӊ түрліше нұсқасы қарастырылғанын айтты.

- Бүгінде Мемлекет басшысыныӊ Жолдауда қойған міндеттерін жүзеге асыруға қажетті барлық құралдар бар. "Нұрлы жол" бағдарламасы биыл Үкіметтіӊ контрциклдық экономикалық саясатын іске асырудыӊ негізгі "өзегі" болады. Сонымен қатар, практикалық сипаттағы шаралар жиынтығы, соныӊ ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудыӊ 2015 жылға арналған жоспары, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту, жаӊа және тұрақты жұмыс орындарын ашу шаралары әзірленді, - деді Е.Досаев.

Өз кезегінде қаржы министрі Б.Сұлтанов бюджет саласындағы былтырғы жылдыӊ алдын ала қорытындылары, фискальдық органдар алдында тұрған 2015 жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

- 2014 жылдыӊ нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджеттіӊ өлшемдері орындалды. "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ аясында бөлінетін қаражат және Ұлттық қордан алынған 1 триллион теӊге көзделген мақсатқа жетеді. Бұл орайда бақылаушы және салық органдарыныӊ жұмысы қамтамасыз етіледі, - деді Б.Сұлтанов.

Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов өткен жылдыӊ қорытындылары мен алдағы кезеӊге арналған макроэкономикалық саясаттыӊ негізгі бағыттары туралы баяндады.

- 2014 жылы Қазақстан экономикасыныӊ беріктігі едәуір нығайды. Елдіӊ алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соныӊ ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін өсті. "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бұл 2015 жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамыныӊ күрт өзгеруін болдырмауға ниетті, - деді К.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны