23.04.2015, 18:21 3978

Мемлекет басшысы: Елдіӊ тағдыры мен болашағы - қазақтыӊ қолында

Елдіӊ тағдыры мен болашағы мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтыӊ қолында болады. Халықты ұлы істерге ұйыстыруда басты жауапкершілік те қазақтарға жүктеледі. Бүгін Қазқастан халқы Ассамблеясыныӊ XXII сессиясында сөз алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Елдіӊ тағдыры мен болашағы мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтыӊ қолында болады. Халықты ұлы істерге ұйыстыруда басты жауапкершілік те қазақтарға жүктеледі. Бүгін Қазқастан халқы Ассамблеясыныӊ XXII сессиясында сөз алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ азаматтарымыздыӊ көпшілігі қазақтар. Күннен күнге көбейіп келе жатыр халық. Жалпы қазақстандық бірлік дегеніміз - бос сөз емес. Еӊ алдымен, болашақта қазақтыӊ өзініӊ бірлігі керек. Мен мұны үнемі айтып жүремін. Елдіӊ тағдыры мен болашағы мемлекет құрушы ретінде қазақтыӊ қолында болады. Халықты ұлы істерге ұйыстыруда басты жауапкершілік те қазақтарға жүктеледі. Осыны әрдайым есте ұстайық",-деп атап өтті Н.Назарбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан Респубикасыныӊ Ата заӊы ұлтына, тіліне, діліне қарамастан, барлық адамға теӊдік беретінін ерекше атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны