27.04.2007, 15:39 3364

Мемлекет басшысы еліміздің оңтүстік өңірлердегі жұмыс сапарын жалғастыруда

АСТАНА - сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің оңтүстік өңірлердегі жұмыс сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кеше Н. Назарбаев Жамбыл облысына келген болатын. Бүгін күннің бірінші жартысында елбасы "БМ" ЖШС барып, биоэталон өндіретін цехтың жұмысымен танысты.

"БМ" кәсіпорыны 1987 жылы құрылған, қазіргі уақытта АҚШ, Иран, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстаннан әкелінетін, халық тұтынуындағы тауарлардың 100 астам түрін шығарады.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев "Иулие ата" мешітінің ашылу салтанатына қатысты.

"Иулие ата" мешіті құрылысының Бас мердгері "Жамбылжолқұрылыс" ЖШС болып табылады. Мешіт құрылысы облыстың заңды және жеке тұлғаларының қайырымдылық және демеушылык көмегі есебінен 2003 жылы маусымда басталған болатын. Мешіт 1200 адамға арналған.

Н. Назарбаев сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Тараздағы саябағына барып, Көкеш батыр ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Саябақ 2006 жылдың наурызында салынған. Саябақтың жалпы алаңы 3,8 гектарды құрайды. Оның аумағында демалыс аймағы, аттаркциондар, балаларға арналған ойын және спорттық-сауықтыру алаңдары, ауданы 1,8 мын шаршы метрді құрайтын сутоған, жағажай, бастаулар және басқа да нысандар бар. 22,5 мың шаршы метр аумаққа көкалдар мен гүлдер отырғызылған. Сондай-ақ 300 орынды салтанат залы бар.

Таразда мемлекет басшысы № 51 орта мектепке барды. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, президент заманауи оқу құралдарымен жабдықталған мектеп ғимаратын қарап шыққан. Елбасына мультимедиа мүмкіндігін пайдаланатын көрме сабағы көрсетілді. Президент мектепке компьютерлік класс сыйлады.

Бүгін күннің екінші жартысында Нұрсұлтан Назарбаевті Шымкентте күтуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны