05.03.2010, 17:36 3347

Мемлекет басшысы ескерткішті оған келер ұрпақ қоюға тиіс деп санайды

Мемлекет басшысы ескерткішті оған келер ұрпақ қоюға тиіс деп санайды

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, оның құрметіне арналған ескерткішті келер ұрпақ қоюға тиіс. Бұл туралы ол бүгін Ақордада әйелдер қауымының өкілдерімен кездесу кезінде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Маған келетін болсақ... мынадай бір оқиға есіме түсті. Біз Түрікменстан президенті марқұм Ниязовтың шақыруымен бірде Ашгабадқа бардық. Алаңда тұрмыз - біздің алдымызда биік ескерткіш тұрды, қолын көтерген алып алтын мүсін. Тәжікстан президенті маған айтады: "Нұрсұлтан Ибішұлы, қарашы, Ниязов Ленинді қойып қойыпты". Мен оған айтамын: "Қайдағы Ленин, кім екенін қарасаңшы". Ол маған айтады: "Ол кім?" Мен айтамын: "Сапармұрат". Осы сәтте Ниязовтың өзі бізге жақындап келіп былай деді: "Не, мазақ қылып тұрсыңдар ма? Сосын маған айтады: сен менің Түрікменстан үшін істегенімнен гөрі, Қазақстан үшін көп нәрсе істедің. Сен мемлекет құрдың, Елордасын салдың, саған неге ескерткіш қоймайды?" -деп еске алды Н. Назарбаев.

"Марк Аврелий туралы ғой деймін, бір жайт менің ойыма оралды. Оған отандастары былай депті: "Император, сен Римнің аумағын кеңейттің, сен Римді байлыққа батырдың, сен біздің елімізді ұлы елге айналдырдың, сен сондай мейірбан әрі данышпансың, біз саған ескерткіш орнатайық", депті. Ол бұған былай деп жауап қатқан екен: "Менің қалауым, осы ескерткіштің жанынан өтіп бара жатқандар бұл кімге қойылған ескерткіш деп сұрамасын. Келешек ұрпақ менен кейін не себепті оған бүгінгі күнге дейін ескерткіш жоқ деп сұрасын деген екен", - деді президент.

"Менің принципім міне, осындай", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны