18.04.2007, 17:21 2981

Мемлекет басшысы ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің делегациялары басшыларын қабылдады

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше елдердің делегациялары басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Фрадков, Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Ақыл Ақылов, Беларус Республикасы премьер-министрінің орынбасары Андрей Кобяков, Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимов, сондай-ақ ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Григорий Рапота қатысты. Оның барысында ЕурАзЭҚ шеңберіндегі көп жақты ынтымақтастық мәселелері, аталған ұйымды дамыту перспективалары, сонымен қатар, Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыру проблемалары талқыланды.

"Біз ЕурАзЭҚ-тың алдында тұрған аса маңызды мәселелерді, атап айтқанда Қоғамдастықты дамытуда қандай стратегиялық бағытты ұстануымыз қажеттігін талқыладық. Бүгінде ЕурАзЭҚ-тың барлық органдары осы төңірегінде жұмыс істеуде, және де аталған мәселе биыл жазда өтетін мемлекет басшыларының саммитінде қаралатын басты мәселелердің бірі болмақ. Кездесу кезінде бүгінгі отырысқа қатысушылардың барлығы өз көзқарастарын білдірді және олардың ЕурАзЭҚ-тың ағымдағы ахуалы мен перспективасына қатысты бағалары тыңдалды. Сондай-ақ, орталық мәселелердің бірі Кедендік Одақтың құқықтық базасын қалыптастыру болып табылады. Өткен жылғы тамыздағы Сочи кездесуінде мемлекет басшылары нақ осындай міндет қойды және біз оны шешу үшін жұмыс жүргізудеміз", - деді Г.Рапота журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны