10.09.2017, 15:36 3340

Мемлекет басшысы Ислам даму банкініӊ президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті

- Біз осындай ауқымды іс-шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл - Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар саласындағы алғашқы саммиті. Осы маӊызды саммитке қатысуға мүмкіндік жасағаныӊыз үшін ризашылық білдіреміз, - деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ислам даму банкініӊ президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысқаны үшін Ислам даму банкініӊ президентіне ризашылық білдірді.

- Ислам даму банкімен ынтымақтастығымыз жыл сайын нығая түсуде. Бүгінгі саммит "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ өтуімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл көрменіӊ тақырыбы - жаӊа энергетика. Онда барлық елдердіӊ осы саладағы жетістіктері көрсетілді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көрме жұмысы аяқталған соӊ оныӊ орнында Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтінін, оныӊ қызметі ағылшын құқығына негізделетінін атап өтті.

- Біз көптеген дамыған елдердіӊ осы саладағы қызметіне талдау жасап, бұл орталықтыӊ жұмысын Дубайдағы қаржы орталығыныӊ үлгісі бойынша қалыптастыруды ұйғардық. Ислам даму банкі осы жұмыстарға тікелей атсалысады деп үміттенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Ислам даму банкініӊ президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғыс айтты.

- Біз осындай ауқымды іс-шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл - Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар саласындағы алғашқы саммиті. Осы маӊызды саммитке қатысуға мүмкіндік жасағаныӊыз үшін ризашылық білдіреміз, - деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Сондай-ақ, Ислам даму банкініӊ президенті бұл саммит Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ғылым мен жаӊа технологияларды дамытуға бағытталған қызметініӊ айқын көрінісі екенін атап өтті.

- Бұл Сіздіӊ болашақ ұрпақтыӊ дамыған елдермен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыруға қосқан үлесіӊіз. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердіӊ ғылым және технологиялар жөніндегі қорын құруға қолдау көрсеткеніӊіз үшін зор алғысымды білдіремін, - деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны