13.06.2014, 21:45 2857

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесті

Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Кездесу барысында Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының сауда-экономикалық және инвестициялық салаларды қамтыған басымдығы бар бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

- Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия - біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Италия Премьер-Министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды.

Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны