26.05.2016, 19:25 5003

Мемлекет басшысы IX Астана экономикалық форумына қатысты

Жалпы отырыс барысында Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Жаӊа экономикалық жағдай: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы" тақырыбымен өткен биылғы форумыныӊ қорытындысы шығарылды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Жалпы отырыс барысында Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Жаӊа экономикалық жағдай: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы" тақырыбымен өткен биылғы форумыныӊ қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысқа сарапшылық қоғамдастықтыӊ танымал өкілдері, саясаткерлер, бизнесмендер, ірі қаржы құрылымдарыныӊ басшылары қатысып, сөз сөйледі. Олардыӊ қатарында Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ бас директоры Р.Азеведо, Еуропа қайта құру және даму банкініӊ президенті С.Чакрабарти, интернет коммерциясы саласындағы AliBaba Group қытай компаниясыныӊ негізін қалаушы Д.Ма, Колумбия университеті Жер институтыныӊ директоры және британдық The Economist журналыныӊ тұжырымы бойынша еӊ ықпалды әлемдік үш экономистіӊ бірі Д.Сакс, Массачусетс технология институтыныӊ экономика профессоры, Джон Бейтс Кларк медалініӊ 2005 жылғы иегері Д.Аджемоглу бар. Отырыс барысында сондай-ақ Халықаралық валюта қорыныӊ басқарушы директоры К.Лагардтыӊ арнаулы бейне-үндеуі көрсетілді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті отырыста сөйлеген сөзінде "инклюзивті жаһандану" жолын таӊдау қажеттігіне, онда экономикалық өсім әрбір елдіӊ дамуы мен халқыныӊ әл-ауқатын арттыруға тиімді трансформацияланатынына назар аударды.

- Илемдік экономиканыӊ осындай өсімі ғана орнықты болады, біз соған ұмтылуға тиіспіз. Бұл жаһандық деӊгейде бірлескен күш-жігер жұмылдыруды және ұлттық экономика деӊгейіндегі іс-қимылдарды үйлестіруді қажет ететін ұзақ, күрделі әрі ауыр трансформация жолы, - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар жаһандық бастамалар көтерді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы дамушы және кедей елдердегі адами капиталды дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Сауатты, білімді, денсаулығы мықты және іскер адамдарсыз ешбір мемлекет дами алмайды. Біз білім беру мен денсаулық сақтаудыӊ тиімді жүйесін құру қаншалықты қиын екенін өз тәжірибемізден білеміз. Бұл төзімді, білім мен мол инвестицияны қажет етеді. Қазақстан бұл бағытта жақсы ілгеріледі деп есептеймін. Алайда, бұған қол жеткізе алмаған көптеген елдер бар. Осы мәселені шешу үшін БҰҰ аясында Адами капиталды дамыту қорын құруды ұсынамын. Оныӊ басты міндеті кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту болуы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті экономикалық өсімді қайта жандандыру үшін барлық қажетті жағдайды жасау керектігін, ол үшін кірісті алыпсатарлық сипаттағы қаржы салаларына аудармай, білім беруге, денсаулық сақтауға және инфрақұрылымдарға қайта инвестициялауды білдіретінін айтты.

- Бүгінде сарапшылардыӊ бағалауы бойынша оффшорлық есепшоттарда 30-дан 40 триллион долларға дейін сақтаулы жатыр. Осы активтерге тіпті бір пайыздық жаһандық салық енгізу дамушы елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау саласын жаӊа сапалы деӊгейге көтеруге мүмкіндік берер еді. Осы салықтан түсетін қаражатты жоғарыда аталған Адами капиталды дамыту қорына бағыттауға болады. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жаһандық экономиканы оффшорсыздандыру жөнінде тиімді шаралар ұсынуға тиіс деп есептеймін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде экономикалық пайда табу үшін жанталасу барысында қоршаған ортаныӊ кешенді мәселелері назардан тыс қалып жатқанын атап өтті.

- Климат өзгерістерініӊ алдын алу жөніндегі жаһандық бастама өте маӊызды, бірақ өзге проблемаларды да ұмытпау керек. Париж келісімі негізінде "Жасыл" экономиканы дамыту мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудыӊ жол картасын әзірлеуді ұсынамын. Ол тек зиянды қалдықтарды ауаға таратуды азайтуды ғана емес, жерді, тұщы суды, биоортаны сақтау шараларын да қамтуға тиіс. Бұл ретте жауапкершілікті тек елдер ғана емес, жаһандық корпорациялар да өз мойнына алуы қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы әлемде қазір халықаралық диалогтыӊ сан алуан форматы бар екеніне, жаһандық және өӊірлік экономикалық форумдар өткізіліп жүргеніне назар аударды.

- Изірленіп жатқан шешімдерді нақты енгізу ісініӊ келісілуі мен үйлестірілуін қамтамасыз ету маӊызды. Бұл ретте барлық елдіӊ пікірін ескеру керек. БҰҰ құрылымы аясында немесе оныӊ қолдауымен сондай үйлестіру ісін қамтамасыз ететін арнаулы комитет құру қажеттігі пісіп-жетілді. Қазақстанда қолданылып отырған, 140 елдегі 30 мыӊнан астам сарапшыныӊ басын қосатын "G-global" виртуальды интерактивті алаӊын белсенді түрде пайдалануды ұсынамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысыныӊ сөйлеген сөзініӊ толық нұсқасын мына жерден қараӊыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны