15.12.2016, 18:19 5047

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады

- Жаӊа елдіӊ іргесін қалаған бүгінгі замандастардыӊ ерен еӊбегі уақыт өте келе, тіпті мыӊ жылдан кейін де ұрпақтарымызға Отанымызды одан әрі ілгерілету жолында демеу болып, септігін тигізе береді, - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.

- Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы - біздіӊ буынныӊ уақыт өлшеміне сыймайтын теӊдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесіне сайлануыныӊ символдық мәні бар. Парламент қабылдаған Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы декларациясы біздіӊ ұлы жетістіктеріміз бен жеӊісімізді айшықтаған маӊызды саяси-құқықтық құжатқа айналды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік кезеӊіндегі басты жетістіктерге тоқталып өтті.

- Жетекші халықаралық сарапшылардыӊ пікірі бойынша, еліміз әлемге Қазақстанныӊ "экономикалық ғажайыбыныӊ" жарқын үлгісін көрсетті, - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамныӊ қарыштап дамығанына назар аударды.

- Біз бейбітшілік пен келісімніӊ бірегей моделін қалыптастырдық. Жалпы халықтыӊ қалауымен құрылған Халық ассамблеясы барлық ұлтты қанатыныӊ астына алып, басын біріктіре білді. Еӊ бастысы, кез келген адам "Мен - қазақстандықпын, бұл - меніӊ елім, мен мұнда бақытымды таптым!" деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жаӊа елорда - Астананыӊ құрылуын басты табыстарымыздыӊ бірі ретінде атап өтті.

Елбасы экономикалық жетістіктер арқасында халықтыӊ әл-ауқатыныӊ нақты өсімін қамтамасыз ете алғанымызды айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысында 2017 жылы зейнетақы мөлшерін биылғы деӊгейден 20 пайызға, сондай-ақ бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырды.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ халықаралық аренадағы табыстарына, соныӊ ішінде еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамаларына, жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығымызға, бітімгершілік мақсат жолына жұмсаған күш-жігерімізге ерекше назар аударды.

- Жаӊа елдіӊ іргесін қалаған бүгінгі замандастардыӊ ерен еӊбегі уақыт өте келе, тіпті мыӊ жылдан кейін де ұрпақтарымызға Отанымызды одан әрі ілгерілету жолында демеу болып, септігін тигізе береді, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен тағы да құттықтап, халқымызға мол табыс пен зор жетістіктер тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны