11.06.2014, 19:38 2546

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңына қол қойды

Мемлекет басшысы "Инвестициялық климатты жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңына қол қойды.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының инвестициялық климатты жақсарту, экономиканың басым секторларына инвесторларды ынталандыруға бағытталған "Инвестициялық климатты жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Қазақстан Республикасның заң бұзушылық әрекеттермен алынған табысты заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Заң бұзушылық әрекеттермен алынған табысты заңдастыру (ақшаны жылыстату) мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы бұлардан бөлек Қазақстан Республикасының "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны