15.01.2007, 18:07 20475

Мемлекет басшысы Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау шаралары туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл жарлықты қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялауға қатысты басымдықтар мен көзқарастарды, басты принциптерді бекітетін бағдарламалық құжаттың жобасын жасау қажеттігімен сабақтас",- деді К.Мәсімов. Оның айтуынша, аталмыш құжат "реформаларға мейлінше жүйелі әрі дәйекті дайындықпен клуге мүмкіндік береді".

"Мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігінің басты принциптері жеке жасалады",- деді үкімет басшысы. "Мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне шынайы әрі жүйелі баға беру аса маңызды принцип болмақ. Сонымен қатар нәтиже мен үнемділік басымдыққа жататын мемлекеттің іс-қызметі салаларында корпоративтік басқару әдістері енгізіледі",- деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, президенттің жарлығын жүзеге асыру үшін үкіметтің қаулысы қабылданып, үкімет басшысының басқаруымен мекемеаралық комиссия құрылды. Түрлі бағыттар бойынша төрт жұмыс тобы құрылып, жұмыс кестесі бекітілді. "Экономика және бюдждетті жоспарлау министрінің орынбасары Виктор Супрун басқаратын бірінші топ мемлекеттік мекемелерде функционалдық талдау жүргізу, мемлекеттік басқару мен еңбекақы төлеу құрылымын жетілдіру, оптималды қызметкерлер санын қалыптастыруды қамтамасыз етумен шұғылданады",- деді К.Мәсімов.

"Ал президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары басқаратын екінші топ құқық қорғау жүйесіне жататын мемлекеттік мекемелерде функционалдық талдау жүргізу, мемлекеттік басқару мен еңбекақы төлеу құрылымын жетілдіру, оптималды қызметкерлер санын қалыптастыруды қамтамасыз ету ісімен айналысады. Ал үшінші топ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру мен басқарудың стратегиялық жоспарларын жасау, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қатысты мәселелермен, осы қызметтердің сапасын қадағалау мәселесі бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізуді реттеу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесін жасау, мемлекеттік мекемелердің тиімділігін анықтау мен оларға аудиттік тексеру жүргізу мәселелерімен шұғылданады",- деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, төртінші жұмыс тобы мемлекеттік басқару саласын модернизациялауды жетілдіре түсу мәселелерімен айналыспақшы.

"Ұтқыр әрі кәсіби мемлекеттік аппарат, жан-жақты ойластырылған басқару жүйесі болмайынша, Қазақстандаы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асыру мүмкін емес. Осы құжаттардың, олардың әрбір бөлімінің жүзеге асырылу сапасы мен мерзімі үкіметтің қатаң бақылауында болады",- деді К.Мәсімов.

Мемлекет басшысының жарлығы мен үкімет қаулысының орындалын жалпы қадағалау міндеті вице-прекмьер Аслан Мусинге жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны