15.05.2009, 14:38 1459

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қарулы күштерін модернизациялауға бағытталған бағдарлама жасауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қарулы күштерін модернизациялауға бағытталған бағдарлама жасауды тапсырды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерін модернизациялауға бағытталған бағдарлама жасауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үкіметке Қазақстанда тиісті заманауи өндірістер құруды ескере отырып, Қазақстанның Қарулы күштерін технологиялық модернизациялауға бағытталған арнаулы бағдарлама жасауды тапсырамын", - деді Н. Назарбаев.

"Елдің қорғанысын нығайту - мемлекеттің тікелей міндеті. Оған ешкім де қаржы жұмсамайды, оны біз жасауға міндеттіміз", - деді Н. Назарбаев.

"Алғашқы қадамдар жасалды да. Өткен жылы жаңадан төрт кәсіпорын құрылды, ендігі кезенкте тағы бесеуін құру жоспарлануда", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны