04.07.2016, 17:06 4411

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-Де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздіӊ ерекше үміт артатынын атап өтті

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-Де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздіӊ ерекше үміт артатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Сендер спорттағы біздіӊ олимпиадалық отбасымыздыӊ толыққанды мүшесісіӊдер. Қазақстандықтар олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіӊдер. Сендердіӊ қатысуларыӊ барша отандастарымызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердіӊ алдағы жеӊістеріӊді біз Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердіӊ жеӊістеріӊе сеніп, Олимпиада аяқталған соӊ жеӊімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде республикамыз Тәуелсіздік тарихындағы еӊ мықты спорттық әлеуетке ие екеніне тоқталып өтті.

- Олимпиада алдындағы ресми ойындардыӊ қорытындылары Азия және әлем чемпионаттарында сүбелі нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандықтардыӊ жаӊа саӊлақ буынын тәрбиелеп шығара алғанымызды байқатты. Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы Рио-Де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданыӊ басталуына дайын болды. Бүгінде біздіӊ спортшылар 38 олимпиадалық спорт түрініӊ 26-сы бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алды. Мұныӊ өзі жақсы жетістік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елімізде әрдайым спортқа ерекше мән беріліп келе жатқанына назар аударды.

- Соӊғы үш жылдыӊ өзінде олимпиадалық резервті кешенді түрде дайындау үшін халықаралық деӊгейдегі спорт нысандары салынды. Олар - АИБА Дүниежүзілік бокс академиясы, Алматыда Дзюдо академиясы, Таразда "Тараз-Арена" стадионы. Сонымен қатар Қарағандыда "Қарағанды-Арена" мұз сарайы мен Астанада жүзу кешені бар көп функционалды мұз сарайы іске қосылды. Бұдан бөлек болашақ олимпиадашыларды Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы Жеӊіл атлетика орталығы мен Алматыдағы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы даярлауда, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиада қозғалысыныӊ дамуына да мемлекеттіӊ жүйелі қолдау көрсете отырып, спортпен шұғылдануға ниетті барша азаматтар үшін жағдай туғызып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті үш жыл бойы "Қазспорт" бірінші спорт телеарнасы табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

- Эфирдіӊ жартысынан көбін қазақстандық спортшылардыӊ қатысуымен өтіп жатқан халықаралық және ұлттық жарыстардыӊ көрсетілімі құрайды. Телеарна рейтингісініӊ жоғарылығы оныӊ қазақстандықтар арасындағы зор танымалдылығын көрсетеді. Спортпен шұғылдану арқылы жеӊіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маӊызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз - денсаулық, рухтыӊ күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында еӊ айтулы халықаралық жарыстарда өз елініӊ туын мақтанышпен алып жүрген дарынды спортшылар шоғыры тәрбиеленгенін атап өтті.

- Тәуелсіз Қазақстанныӊ 25 жылдық спорт тарихына Олимпиада ойындарыныӊ 17 чемпионыныӊ есімі алтын әріптермен жазылды. Біз азаматтарымызды патриоттыққа, саламатты өмір салтына тәрбиелеуде олимпиадашыларымыздыӊ еӊбегі қаншалықты зор екенін білеміз. Бүгінде сіздердіӊ алдарыӊызда өздеріӊіздіӊ спорттық нәтижелеріӊіз арқылы бүкіл әлемге Қазақстан спортыныӊ әлеуетін тағы да дәлелдеу міндеті тұр. Сіздер жалпыкомандалық есепте барынша жоғары орын иелену үшін ұмтылуға тиіссіздер. Сіздерге олимпиадалық жарысқа сапалы дайындалу үшін қажетті барлық жағдай жасалды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Олимпиадалық құрамасы мүшелерін бар күш-жігерлерін жұмсауға, биік нәтиже мен спорттық бәсекеге ұмтылуға шақырды.

Қазақстанныӊ спорт делегациясы өкілдері өз сөздерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелеріне мемлекет ұдайы назар аударып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілегі мен қолдауы үшін алғыстарын айтты.

Кездесу соӊында Қазақстан Президенті Олимпиадалық құраманыӊ ту ұстаушысы Р.Жапаровқа мемлекеттік туды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны