06.09.2017, 19:13 4889

Мемлекет басшысы Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, Қазақстанда алдағы кезеӊде бизнес жүргізуге себеп болатын бірқатар мәселені атап өтті.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты, - деп хабарлайды Ақорда.

Формуға екі ел бизнесініӊ 450-ден астам өкілі қатысты. Қазақстан Президенті жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде елдеріміздіӊ сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытудыӊ маӊыздылығын айтып, бұл қарым-қатынасты кеӊейтуге әлеуетіміздіӊ жеткілікті екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін Қазақстанда қабылданып жатқан шараларға және оныӊ нәтижелеріне тоқталды.

- Польша азаматтары Қазақстанда визалық талаптардан босатылған. Шағын және орта бизнесті, машина жасау және ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жұмыс топтары құрылды. Елдеріміз арасында жұмыс істеп жатқан үкіметаралық комиссияныӊ рөлі маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ жаӊа экономикалық "Жібек жолы" құрылысына қатысуы жөнінде айтып, екіжақты экономикалық ынтымақтастық аясында іске асырылып жатқан Қазақстан-Польша жобаларына тоқталды.

- "Польфарма" фармацевтикалық компаниясы табысты серіктестіктіӊ жарқын мысалы саналады. "Астана - жаӊа қала" арнайы экономикалық аймағында "Селена групп" компаниясы құрылыс материалдарын шығаратын жобаны іске асырды. "ҚазТехМаш" зауыты "Пронар" поляк технологиясын қолдана отырып, Петропавлда ауыл шаруашылығы техникаларын жасауға кірісті. Жалпы, Қазақстанда поляк капиталыныӊ қатысуымен 115 кәсіпорн жұмыс істеуде, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, Қазақстанда алдағы кезеӊде бизнес жүргізуге себеп болатын бірқатар мәселені атап өтті.

- Президент жанында Шетелдік инвесторлардыӊ кеӊесі жұмыс істейді. 61 елдіӊ азаматтары үшін визасыз режім енгізілген. 10 арнайы экономикалық аймақ пен 20-ға жуық индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Мемлекет осы аймақтардыӊ жұмысына қатысушыларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Оларға салық жеӊілдіктері мен артықшылықтар берілген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдалануға лицензия алу және шартқа отыру тәртібі жеӊілдетілді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы поляк бизнесмендерін еліміздегі кәсіпорындардыӊ активтерін жекешелендіруге қатыстыру арқылы ынтымақтастықты нығайту және аграрлық секторда қарым-қатынас орнату мүмкіндіктеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ жеделдетілген жаӊғыру үдерісі экономикалық байланыстарды кеӊейтудіӊ қосымша мүмкіндігі болып саналатынын айтты.

- Біз іскерлік туризмнен экологиялық және рухани туризмге дейінгі туризмніӊ барлық түрін дамытуға зор мән береміз. Тікелей әуе қатынасыныӊ орнағанын ескеріп, өзара ынтымақтасуға және туристік өнімдерді ілгерілетуге мүдделіміз. "ЭКСПО" көрмесі аяқталған соӊ оныӊ базасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Сондай-ақ, "ЭКСПО" базасында Жасыл технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жұмыс істейтін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті бизнесті дамыту және өзара тиімді серіктестікті нығайту үшін бизнесмендерді барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны