09.09.2015, 15:23 3814

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамыныӊ негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамыныӊ негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін компанияныӊ салалық емес активтерінен арылуы қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздігіміздіӊ бастапқы кезеӊіндегідей жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Тікелей қызметке - уран өндірісіне ден қойып, қалған активтердіӊ бәрін жеке меншікке беру қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы өндірісті әртараптандыру мен ядролық отын циклыныӊ барлық буынына ену, сондай-ақ тиімділікті арттыру, компанияны, соныӊ ішінде өндіру кәсіпорындарын трансформациялауды жүргізу даму стратегиясыныӊ негізгі басымдықтарына жататынын айтты.

А.Жұмағалиев стратегияны жүзеге асыру "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ныӊ құнын арттырып, оныӊ әлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны