18.09.2009, 18:14 2745

Мемлекет басшысы Көксарай су реттегішінің құрылысы және Астана қаласы маңынан судың тасуына қарсы бөгет салу жөніндегі жұмыстардың барысымен танысты

Мемлекет басшысы Көксарай су реттегішінің құрылысы және Астана қаласы маңынан судың тасуына қарсы бөгет салу жөніндегі жұмыстардың барысымен танысты

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында президент Көксарай су реттегішінің құрылысы және Астана қаласы маңынан судың тасуына қарсы бөгет салу жөніндегі жұмыстардың барысына қызығушылық танытты.

Мемлекет басшысы министрлік жүйесіндегі мамандармен жұмысты күшейту, сондай-ақ еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздікке басты назар аудару туралы тапсырма берді.

"Мемлекет басшысы өнеркәсіп қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп апаты орын алған жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын қорғау қажеттігіне ерекше назар аударды", - деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны