14.09.2007, 18:31 3219

Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы бірқатар нысандарға барды

Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы бірқатар нысандарға барды.

Қостанай. 14 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, Н. Назарбаев облыстың ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізіп, онда елдің дамуына осы өңірдің қосып отырған ауқымды үлесін атап өтті. "Иртараптандыру жөніндегі бағдарлама аясында ауылшаруашылығының басқа да салалары жөнінде ұмытпау керек. Кешікпей үкімет биоотын туралы заңның жобасын жасайды, ол бізге осындай кәсіпорынның қандай өңірлерде қажет екендігін заң жүзінде бекітіп береді", -деді мемлекет басшысы Қостанайда рапс сақтау және өңдеу жөніндегі зауыттың салынуына байланысты. Бұл зауыттың құрамында 5 мың тонна ұсақ рапс тұқымына арналған қойма болмақ. Құрылыс туралы бастама көтерген және оған тапсырыс берген "Содружество" компаниясы болып табылады.

Ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын өсіру және олардың селекциясымен, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын "Заречное" тәжірибелік- өндірістік шаруашылығының егіс алқаптарын аралап көрген президент "шаруалар өз маңдай терін тиімді сатуға тиіс болғандықтан, астық бағасы өсе түспек", деп атап өтті. "Шаруаларымыз өздері өсірген астықты қымбат сатқан сайын, олардың озық техника мен жақсы жабдықтар сатып алу мүмкіндігі арта түседі", - деді Н. Назарбаев.

Бұдан кейін президент Варваринское кенішіндегі алтын және мыс кенін өндіретін тау-кен жұмыстарының ашылуына қатысты.

"Варваринское" АҚ - алтын және мыс кенін өндіретін, Қазақстан мен Ұлыбритания бірлескен кәсіпорын. Осынау инвестициялық жобаның құны - $150 млн. Зауытта 80% алтын мен 17% мысы бар қоспа өндіріледі. Зауыттың жобалық қуаты жылына 4 млн тонна кен өндіруге жетеді деп күтілуде.

"Осындай әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен ел экономикасы 2015-жылы 3 есе өседі", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны