19.06.2018, 20:29 6426

Мемлекет басшысы ҚР Конституциялық кеӊесініӊ төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциялық реформаныӊ жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеӊес қызметініӊ нәтижелері мен алдағы кезеӊге арналған жоспары жөнінде баяндады.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеӊесініӊ төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциялық реформаныӊ жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеӊес қызметініӊ нәтижелері мен алдағы кезеӊге арналған жоспары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеӊестіӊ Ата заӊ үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оныӊ әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

- Парламенттіӊ, еліміздегі мемлекеттік органдардыӊ қабылдаған бүкіл заӊдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеӊес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасыныӊ Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны