03.07.2009, 10:25 1215

Мемлекет басшысы мәдениет, өнер және спорт қайраткерлеріне жаңа пәтер кілттерін табыс етті

Мемлекет басшысы мәдениет, өнер және спорт қайраткерлеріне жаңа пәтер кілттерін табыс етті

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қаласының 11 жылдық мерекесі қарсаңында бір топ отандық білім, ғылым, мәдениет, өнер және спорт қайраткерлеріне жаңа пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Мемлекет басшысы елорданың 11 жылдық мерекесіне орай тағы 300 пәтер тапсырылатынын жеткізді.

Елорда күні қарсаңында пәтерлі болған 15 азаматтың ішінде ҚР халық әртісі Қайрат Байбосынов, нашар көретіндер арасындағы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Мұрат Жүнісов, қазақтың халық әндерін орындаушы Айгүл Қосанова, каратэден халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы Мария Гриднева, Астана қаласы медицина университетінің оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Куреиш Хамчиев бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2008 жылы экономиканы тұрақтандыру және құрылысын саласын қолдау мақсатында шаралар кешені қолға алынып, оның шеңберінде Астана қаласы әкімдігі құрылыс компанияларынан 6203 пәтер сатып алған болатын. Аталмыш инвестиция Астанадағы 47 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны