10.03.2010, 17:00 2999

Мемлекет басшысы мен Тәжікстан сыртқы істер министрі екі ел ынтымақтастығын дамытудың келешегі жайлы талқылады

Мемлекет басшысы мен Тәжікстан сыртқы істер министрі екі ел ынтымақтастығын дамытудың келешегі жайлы талқылады

Астана. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

"Біз Тәжікстанда Қазақстанның және Нұрсұлтан Ибішұлының жеке өзінің қолдауын сезінеміз. Екі президенттің арасында қалыптасқан достық екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғызады және бізді соған бағыттайды", - деді З.Хамрохон журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны