15.01.2008, 18:05 2872

Мемлекет басшысы Михаил Саакашвилиге президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Михаил Саакашвилиге президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия президенті Михаил Саакашвилидің президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды агенттік мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан президенті "М.Саакашвилидің басшылығымен Грузияда халықтың әл-ауқатын жақсартуға және мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған дәйекті әлеуметтік-экономикалық даму және демократиялық өзгерістер жалғасатынына, сондай-ақ біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта да әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде дами беретініне" сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны