19.06.2017, 11:55 4225

Мемлекет басшысы Нобель сыйлығыныӊ лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті

Кездесу барысында А.Квасьневский, С.Месич, С.Тимашев, Р.Чунг, Д.Френкель, А.Спицын, Д.Даокуи Ли, И.Саконг, П.Тичанский, Д.Перкинс, Д.Гарольд, Н.Талеб, Х.Бюркнер баяндама жасады.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 16 маусымда Астанада Нобель сыйлығыныӊ лауреаттарымен және белгілі экономистермен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы дөӊгелек үстел жиынына қатысушыларға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін ризашылық білдірді.

- Сарапшылармен жүздесіп, әӊгімелесу әрдайым аса маӊызды әрі қызықты. Исіресе, қазір әлемде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұныӊ маӊызы зор, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық технологиялық даму зор қарқын алып отырғанына тоқталып, Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ тақырыбы өзекті екенін атап өтті.

- Көрменіӊ арқасында Қазақстан жаӊа технологиялардыӊ дамуы тұрғысынан әлем назарын өзіне аударып отыр. Соған қарап қоршаған ортамыз қалайша түбегейлі өзгеріп отырғанын көре аламыз. Электромобильдерді, өздігінен жүретін көлікті, нанотехнологияларды, сондай-ақ жаӊа энергия түрлерін біз футуристік дүниелер деп санайтынбыз. Қазір соныӊ бәрі шындыққа айналуда, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ілгерілеуге ықпал ететін күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерге тоқталып, жаһандық проблемаларды шешу үшін күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

- АҚШ-тыӊ Париж келісімінен шығатыны туралы мәлімдеме, Катардыӊ төӊірегіндегі жағдай орнықты дамуды күрделендіре түсті. Түрлі елдердегі экологиялық проблемалар, жаһандануға қарсылық үдерісі, көші-қон ағыны мен патернализм сауда жасауға, өзара қарым-қатынасқа және интеграцияға кедергі келтіруде, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында А.Квасьневский, С.Месич, С.Тимашев, Р.Чунг, Д.Френкель, А.Спицын, Д.Даокуи Ли, И.Саконг, П.Тичанский, Д.Перкинс, Д.Гарольд, Н.Талеб, Х.Бюркнер баяндама жасады.

Соӊында Қазақстан Президенті дөӊгелек үстел жиынына қатысушыларға әӊгіменіӊ мазмұнды болғаны үшін алғыс айтып, өзекті мәселелерді Астана экономикалық форумы барысында одан әрі талқылауды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны