02.07.2007, 09:00 1232

Мемлекет басшысы "Нұр Астана" ислам мәдениет орталығында болды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше "Нұр Астана" ислам мәдениет орталығында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Казақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ибсаттар қажы Дербісәлі бастаған бір топ дін өкілдерімен сұхбат өткізді. Мемлекет басшысы сонымен қатар Ислам орталығы жанынан ашылған медресе оқушыларына арналып салынған жатақхананы аралап шықты.

Үш қабатты жатақханада оқушыларға арналған жатын бөлмелерден басқа асхана, қонақ бөлмесі, қызметтік бөлмелер орналасқан.

Сол күні президент Астана күнін мерекелеуге қатысты "Қазанат" ат-спорты жарыстары өткізіліп жатқан жаңадан ашылған "Алтын таға" ипподромында болды.

Мереке қарсаңында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының кездесуі, 2400 метрге ат жарыс, қыз қуу мен басқа да ұлттық ат ойындарының түрлері өткізілді.

Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан еуропалық үлгідегі ипподром 2600 көрерменге арналған. Оның ат жарысы өткізілетін алаңының ұзындығы 1800 метр, ал жарыс алаңының ұзындығы - 1600 метр. Жарысқа қатысушылар мен жарыс аттарын зақымданудан сақтау үшін алаңға зақымдануға қарсы қорғаныш орнатылған.

Ипподром көкпар мен басқа да ұлттық ат ойындарын өткізетін қосымша алаңмен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны