01.05.2018, 20:18 5058

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен құттықтады

Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздіӊ кеӊ байтақ ортақ отанымыз - Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маӊызды құндылықтар қоғамымыздыӊ дүниетанымын анықтап, оныӊ одан әрі біріге және жұмыла түсуініӊ айқын бағдары болады.

Астана. 1 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Құттықтауда былай делінген:

"Құрметті отандастар!

Баршаӊызды 1 мамыр - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздыӊ, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздыӊ жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімніӊ арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Илемге танылып, биік беделге ие болдық.

Бірлік пен келісімніӊ маӊыздылығын толық ұғыну - еліміздіӊ үйлесімді әрі орнықты дамуыныӊ негізгі факторы.

Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздіӊ кеӊ байтақ ортақ отанымыз - Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маӊызды құндылықтар қоғамымыздыӊ дүниетанымын анықтап, оныӊ одан әрі біріге және жұмыла түсуініӊ айқын бағдары болады.

Мемлекет өмірініӊ барлық саласындағы ауқымды жаӊару жаӊа белестерді бағындырып, жеӊіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.

Баршаӊызға зор денсаулық, бақ-береке және жаӊа табыс тілеймін!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны