19.09.2016, 09:34 4663

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыныӊ 1000 жылдығын мерекелеуге қатысты

Салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде Алматыны Қазақстан халқы ғана емес, әлемдік қауымдастық та жақсы көретінін айтты. Алматыныӊ 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ныӊ күнтізбесіне енгізілген.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайыныӊ ашылуына қатысты.

Алматыда кеше қала күнін мерекелеу шаралары аясында "Алматы арена" мұз сарайында "Алматыныӊ 25 шыӊы" салтанатты шара өтті.

Аталған салтанатты шараға ЮНЕСКО делегациясы мен Алматымен бауырлас қалалар өкілдері қатысты. Шарада Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Шара соӊында "Apple Fire" от шашуы болды. От шашу қаланыӊ үш жерінде: Көктөбе, "Астана" алаӊы, "Алматы арена" мұз сарайында болды.

Салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде Алматыны Қазақстан халқы ғана емес, әлемдік қауымдастық та жақсы көретінін айтты. Алматыныӊ 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ныӊ күнтізбесіне енгізілген.

"Бұл қасиетті жерде талай тарихи оқиғалар өтті. Бұл жерден Жібек жолы өтті. 550 жыл бұрын Ұлы Дала Қазақ хандығыныӊ алтын бесігіне айналды. Ел тарихында 20 ғасырда Алматы ерекше рөл атқарды. 1929 жылы Алматы астана атанып, оныӊ халқыныӊ саны 1 млн. тұрғынға дейін артты. Меніӊ тәуелсіздігіміз туралы заӊға осы Алматыда қол қойғанымды айрықша атап өтуге болады. Біздіӊ халқымыз мұнда Ата заӊды қабылдап, осы қалада Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біз бір шаӊырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Осы жерде мен бас қаламыз - Астананы құру туралы заӊға қол қойдым", - деді Н.Назарбаев.

Елбасы Алматыныӊ 1000 жылдығындағы еӊ басты байлық оныӊ тұрғындары екенін атап өтті.

Алматыда таудан қуат алып кетуге тырысамын, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Алматы арена" мұз сарайыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Меніӊ балалық шағымда, қазір де ұшқан құстыӊ қанаты талатын, ұланғайыр Отанымызда көптеген адамдар Алматыда оқуға, тұруға асығатын. Мұнда көптеген отбасы шаӊырақ көтерді. Мен Алматыға келгенде бір күнге, тіпті жарты күнге келсем де тауға барып, оныӊ қуатынан сіӊіріп алғым келеді. Мұндай еш жерде жоқ. Астана тұп-тұнық ашық аспанымен, жазық кеӊ даласымен әсем. Мен әдеттегідей, бүгін де Медеуге көтерілдім. Онда жастар жүр екен, жақындам сөйлестім. Бірі Маӊғыстаудан, бірі Семейден, бірі Тараздан болса, бірі Атыраудан келген. Міне, Алматы деген осы!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент алматылықтарды қаланыӊ 1000 жылдығымен құттықтады.

"Алматылықтарды, барлық қазақстандықтарды әсем де, сүйікті қаламыздыӊ 1000 жылдығымен құттықтаймын", - деді Елбасы.

Алматыныӊ туристік кластерін дамыту 90 мыӊ тұрғынды жұмыспен қамтиды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Алматы арена" мұз сарайыныӊ ашылуында айтты.

Елбасы балама экономиканы құру үшін елде индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатқанын айтты.

"Нұрлы жол - елімізді алға сүйрейтін инфрақұрылымдық бағдарлама. 7 мыӊ шақырымдық автомобиль жолы салынады", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Алматыны дамыту - басты тапсырмалардыӊ бірі" екенін айтты.

"Алматыға қамқорлық - басты тапсырмалардыӊ бірі. Мен әрқашан қаланыӊ құрылуын өз бақылуымда ұстап келемін ", - деді ҚР Президенті.

"Алматы арена" мұз сарайында өтіп жатқан салтанатты шарада Елбасы Үлкен Алматы айналма жолы құрылысы туралы айтып берді.

"2017 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма автожолыныӊ құрылысы басталады. Біріншіден, қалаға көлік аз кіреді, екіншіден, Қытайдан Батыс Еуропаға Алматы арқылы қатынау үшін транзиттік орынға айналады. Бұл Алматыныӊ дамуына орасан зор үлес қосады. Меніӊше, ол "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" магистралініӊ бөлігі болады. Меніӊ тапсырмаммен "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы құрылып, дамытылуда. Инновациялық технологиялар - бұл еліміздіӊ болашағы" , -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Атлеттер қалашығын аралау барысында спорт ғимаратын аралап көріп, қысқы универсиаданыӊ ресми белгісімен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы университеттік спорттыӊ халықаралық федерациясы өкілдерімен әӊгімелесіп, федерацияныӊ тікелей қолдауымен Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Қазақстанныӊ табысты өткізетініне сенім білдірді. Федерация өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа алда болатын Универсиада аясындағы барлық іс-шаралардыӊ тиімді өтуіне қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Президентін универсиада өткеннен кейін нысандардыӊ қалай пайдаланылатыны туралы да хабардар етті. Олар спорт мектептерініӊ, кәсіби және әуесқой командалардыӊ жаттығуларын ұйымдастыру орталықтары ретінде пайдаланылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығымен" танысты. Онда Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, И.Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласыныӊ тарихы музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорынан алынған қазақ өнерініӊ көрнекті қайраткерлерініӊ бірегей аспаптары көрермендер назарына ұсынылған. Нұрсұлтан Назарбаев орталыққа өзініӊ жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған "Дала әуендері" атты мүсінді тарту етті.

5 мыӊ орынға лайықталған Атлеттер қалашығы спортшылар мен делегация мүшелеріне арналған. 1 748 пәтерге есептелген кешенніӊ тұрғын жайыныӊ жалпы алаӊы - 125 мыӊ шаршы метр.

Ғимараттыӊ басты әкімшілік корпусы аккредиттеу аймағынан, спорттық-ақпараттық, басты ақпараттық және мультимедиялық орталықтардан, сондай-ақ волонтерлер бөлмелері мен асханадан тұрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны