23.07.2013, 13:40 2984

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Ганьсу провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

"Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген жанның қайтыс болғаны және зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым", - делінген жеделхатта.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Ганьсу провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген жанның қайтыс болғаны және зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны