02.12.2012, 14:10 3445

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Назарбаев Зияткерлік Мектебі" ААҚ-да болды

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті мектеп ғимаратын, соның ішінде гимнастикалық және спорт залдарын аралап көрді, сондай-ақ мектеп оқушылары әзірлеген түрлі жобалармен танысты.

Астана. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Назарбаев Зияткерлік Мектебі" ААҚ-да болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті мектеп ғимаратын, соның ішінде гимнастикалық және спорт залдарын аралап көрді, сондай-ақ мектеп оқушылары әзірлеген түрлі жобалармен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім мен денсаулық салаларын жаңғырту, спортты дамыту, өскелең ұрпақты жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламаны қоса алғанда, жастар үшін қыруар істер атқарылып жатқанын атап өтті.

"Зияткерлік мектепке талантты балалар іріктеліп алынады, кейін олар "Назарбаев Университетіне" түсе алады. Осылайша біздің еліміздің элитасы дайындалады. Бүгінде жастар тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиісті", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Студенттік құрылыс отряды облыстық штабының төрағасы Ербол Сармурзин өңірдің жастары құрылыс жұмыстарына белсенділікпен араласып, адам еңбегі мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосып келе жатқанын айтып өтті.

"Біз екі жыл қатарынан Сочиде Олимпиадалық нысандар құрылысына қатыстық. Сіздің тапсырмаңыздың арқасында, келесі жылы біз Жезқазған-Бейнеу темір жол құрылысына қатысатын боламыз. Біз Қазақстанды өркендету жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз", - деді Е.Сармурзин.

"Қарағандыцветмет" КБ "Нұрқазған" кен байыту фабрикасы бас корпусының ауысым мастері Мұрат Бөрібаев "Қазақмыс" корпорациясында жұмыс істей жүріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі оқуын жалғастырғанын айтып өтті.

"Мен болашақ инженер ретінде кәсіпорынға қажет болдым. Ал қазір цех бастығымен, Сіздің мамандығыңыз сияқты металлургия саласының маманымын. Сондықтан өз жұмысыма екі есе жауапкершілікпен қараймын. Жастар Сіздің барлық бастамаларыңызды әрдайым қолдайды деп сендіргім келеді", - деді М.Бөрібаев.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев заманауи технологияларды пайдалануда жаңа білім алудың маңызды екенін атап өтті және өңірдің жастарына барлық игілік пен алға қойған мақсатқа жету жолында жетістіктер тіледі.

Зияткерлік мектебінің құрылысы 2012 жылы аяқталды. Оның жобалық қуаты 720 оқушыға есептелген, балалар ұйықтайтын корпус 120 орынға лайықталған. Ғимараттың жалпы аумағы - 21 мың шаршы метр.

Мектеп халықаралық оқыту стандарттарының заманауи талаптарына сәйкес келеді. Оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны