14.05.2018, 23:04 4733

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ президенті Владимир Путинмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласында Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласында Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясыныӊ Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

- Биылғы 18 наурызда тарихи маӊызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқыныӊ асқақ сенімін иеленіп, зор жеӊіске жеттіӊіз. Қазіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімніӊ мәні зор, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маӊызды салалар мен бағыттар бойынша екі жақты достық пен тығыз ынтымақтастық орныққанына тоқталды.

- Қазақстан - Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан еӊ жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымыныӊ көлемі - 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деӊгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты.

- Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеӊді де еӊсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Біздіӊ үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз - одақтас елдерміз, екі елдіӊ бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүргізуге тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясыныӊ Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орныққанын айтып, оныӊ оӊ қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Владимир Путин Қазақстан Ресейдіӊ стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ еӊ жақын экономикалық серіктестерініӊ бірі екенін атап өтті.

- Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанныӊ жетекші сауда-экономикалық серіктестерініӊ бірі болып қала бермек. Ресейдіӊ Қазақстан экономикасына бөлген тікелей инвестициясыныӊ көлемі артқанын да атап өткім келеді, - деді Владимир Путин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны