10.09.2009, 18:25 3266

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе көліктік инфрақұрылымы дамыған және заманауи әуежайы әлемдік стандарттарға жауап беретін ірі қала. Ақиқатын айтқанда, оны Қазақстанның батыс қақпасы деп атайды. Мемлекет басшысына нақ осы Ақтөбе әуежайында жаңа әуе кемесі - Бомбардье CRJ 900 таныстырылғаны кездейсоқтық емес. Ұшақтардың осы түрімен орта қашықтықтағы әуежелілеріне пайдаланылатын отандық авиапаркін жаңарту жоспарлануда. Бұл бағыттар Астана мен Алматы қалаларын облыстар орталықтарымен, сондай-ақ өзара облыс орталықтарын байланыстырады.

Президент Ақтөбеде жаңа қалалық "Бірлік және келісім" бульварының ашылу рәсіміне қатысты. 610 метр алаңды алып жатқан бульвар бойында "Шаңырақ" монументалдық-көркем ансамблі, музыкалық субұрқақ және амфитеатр орналасқан. Жолаушылар аллеясы гүл алаңымен, гүлзарлармен, шамдармен, жайлы орындықтармен және өзге де шағын архитектуралық формалармен абаттандырылған.

Мемлекет басшысы жаңа бульвар Астанадағы сулы-жасыл бульвардың рәміздік жалғасы болып табылатынын және болашақта Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарының ең көп жиылатын демалыс орны болатынын атап өтті.

"Достық пен келісім Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары болып табылады. Біз Қазақстанның барлық халқы өздерінің тілі мен мәдениетін сақтай отырып, бейбіт өмір сүру мүмкіндігіне ие болып отырғанын мақтаныш ете аламыз", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Закратдин Байдосов пен мектеп директоры Юлия Савченко облыстың барлық тұрғындары атынан Қазақстан көшбасшысына халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаты үшін алғыс сезімдерін жеткізді. З. Байдосов ақсақал сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік алуымен елімізде президенттік сайлау бірнеше рет өткенін айтты.

"Құрметті Нұрсұлтан Ибішұлы, халық әрдайым Сіз үшін дауыс береді. Сіз әрқашан халық игілігі және күллі еліміз үшін қызмет жасайсыз. Біз болашақта президенттік сайлауды өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сіз Қазақстанды басқаруыңыз және әрқашан елімізге басшылық жасай беруіңіз керек. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу қажет", - деп мәлімдеді Закратин Байдосов.

Ақтөбе облысы - Батыс Қазақстандағы ірі инвестициялық тартымды өңір. Осында ондаған серпінді жоба жүзеге асырылуда. Президент тағы бір жобаны іске асыруға старт берді.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ жоғарыкөміртекті феррохром шығаратын жаңа цехы құрылысының іргетасына капсула салды.

Кәсіпорын ұжымының алдында сөз сөйлеген президент жаңа өндірісті салу - Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Мұнда феррохром өндірудің жаңа инновациялық технологиясы пайдаланылатын болады. Тауарлы жоғары көміртекті феррохром шығару екі есеге дейін артады. Хромды алу деңгейі едәуір артып, 90 пайыздан жоғары болады.

Мемлекет басшысы әлемде кәсіпорындардың көпшілігі өнімдерін қысқартып жатқанда, қазақстандықтар өндіріс қуатын арттырып отырғанына тоқталды. Бұл таяу келешекте Қазақстанға еліміздің индустриалық дамуында қуатты серпіліс жасауға мүмкіндік береді, біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарады.

Жұмыс сапарындағы басты оқиғасының бірі ретінде президент ғасыр жобасы, "Шымкент - Сарама" автожолының бес шақырымындағы, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көліктік дәлізі құрылысының басталу рәсіміне қатысты.

Президент мұнда автожол саласы үшін отандық өндірушілер өндірісінің көрмесімен танысты. Одан кейін Жамбыл облысымен байланыстырған телекөпірге қатысты. Мемлекет басшысына халықаралық көлік дәлізіне енетін "Тараз-Қордай" жолының бір учаскесі құрылысының басталуы туралы мәлімдеді.

Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев бұл Қазақстанның басты инфрақұрылымдары жобаларының бірі және нағыз "21 ғасыр құрылысы" екенін атап өтті. Автожолдың жалпы ұзақтығы 8,5 мың шақырымды құрайды. Оның 2700-ден астам шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Таяу екі жылда жол жөндеу жұмыстарына 25 мың адам тартылады, ал одан кейін тағы да кемінде 50 мың адам жұмыс істейді. Жаңа магистраль жол бойындағы инфрақұрылымдардың, яғни дәмхана, қонақ үйлер, қоймалар, т.б. желілерінің дамуына мүмкіндіктер береді.

Президент Қазақстан аумағындағы жобаның аяқталуына байланысты барлық Еуразияның жүк тасымалы ағынының едәуір бөлігі тартылатынын атап өтті. Бұл Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары экономикасының дамуына жаңаша қарқын береді.

"Біз құрылысты бастауға қол жеткіздік және бұл жобаны жүзеге асырамыз. Мен оны жалпыхалықтық құрылыс деп жариялаймын", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны