18.09.2009, 10:01 1634

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аяқталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аяқталды

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше түстен кейін президент Павлодар ауданындағы емхананы аралады. Ауысымда 200 адамды қабылдауға арналған медициналық мекеме 2008 жылы желтоқсанда ашылған. Мұнда 23 дәрігер және 39 орта медициналық қызметкер еңбек етеді.

Президент ана мен бала бөлмесін, биолабораторияны, денсаулығы жақсы балаларға арналған бөлмені аралап көрді. Медицина қызметкерлерімен әңгімесінде, ол отандық денсаулық сақтау саласын дамыту - мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі екеніне тоқталды. Бүгінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жаңа ұйымдасқан түрін енгізу мақсаты көзделіп отыр.

Одан кейін мемлекет басшысы Павлодардағы жаңа мұнайхимия зауытының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын маңызды инвестициялық жоба. Зауыт жыл сайын 85 мың тонна химиялық өнім, соның ішінде эфир, пропилен және полипропилен өндіреді.

Зауыттың өнімі мұнай өнімдерінің өндірісі есебінен Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаңа мұнайхимия өндірісінің іске қосылуы үлкен әлеуметтік жағынан да тиімді. Салық түсімі артып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Нұрсұлтан Назарбаев зауыт ұжымын жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен құттықтап, барлығына толайым табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны