18.01.2016, 17:15 4689

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Икімшілігініӊ Басшысы Н.Нығматулин қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстыӊ кеӊінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы Мәжіліс депутаттарыныӊ кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаӊдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеӊінен талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстыӊ кеӊінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қ.Жақыпов партиялардыӊ сайлаушылардан жаӊа сенім мандатын алу, кеӊ қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деӊгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімніӊ қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны