03.04.2007, 18:20 3219

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі мен KEGOC басшысын қабылдады

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов пен KEGOC акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру нәтижелері мен Елбасының жолдауында айқындалған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.

"Президент тұрмысы нашар азаматтарды, көп балалы аналарды, зейнеткерлерді қолдау жөніндегі әлеуметтік міндеттердің шешілуіне ерекше назар аударды. Павлодар облысында бұл міндеттер, сөзсіз, шешіледі",- деді облыс әкімі.

Қ.Нұрпейісовтың айтуынша, "бүгінде бізде қомақты жобалар іске асырылып жатыр. Олардың екеуін ерекше атап өткім келеді. Бұл 2007 жылғы желтоқсанда бірінші кезегі пайдалануға берілетін электролиз зауытының және де мұнайгаз саласына арналған құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы", - деді Қ.Нұрпейісов журналистерге арналған брифингте.

Сол күні мемлекет басшысы сондай-ақ "Қазақстандық электр жүйелерін басқару жөніндегі компания" (KEGOC) акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Қ.Бозымбаев компанияның жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

"Кездесуде елімізде 2015 жылға дейін электр энергиясын дамытудың келешегі жөнінде әңгіме қозғалды. Сараптамалық бағалау бойынша, салаға 1,8 миллион теңгеден астам инвестиция қажет. Бұл қаражат негізгі қуат көздерінің құрылысына, сонымен бірге электр тарату желілерін жаңартуға салынады деп күтілуде. Президент біздің ұсынысымызды қолдады және алдағы жұмысымызға қатысты тапсырмалар берді", - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны