15.02.2007, 17:55 2910

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

О.Өксікбаев пезидентке кмитеттің 2006 жылы жүргізген тексеру іс-шараларының қорытындылары туралы баяндады. Кездесу кезінде сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалу мәселелері қаралды.

- Мемлекет басшысы Есеп комитетіне нормативтік базаны жетілдіруді және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру тетіктерін күшейтуді тапсырды. Елбасы сондай-ақ қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне де назар аударды, - деп хабарлады О.Өксікбаев.

Елбасы сондай-ақ жақында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ттенше және өілетті ешісі болып тағайындалған Нұртай Ибіқаевты қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны