05.12.2016, 20:07 3907

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевке Өзбекстан Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

"Сіздіӊ басшылығыӊызбен бауырлас Өзбекстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсетін ауқымды өзгерістер жалғасын табатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Астана. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевке Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Құттықтауда Қазақстан Президенті өткен сайлау нәтижесі азаматтардыӊ әл-ауқатын және мемлекеттіӊ халықаралық аренадағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған саясатқа деген Өзбекстан халқыныӊ жоғары сенімі мен қолдауыныӊ айғағы болғанын атап өтті.

"Сіздіӊ басшылығыӊызбен бауырлас Өзбекстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсетін ауқымды өзгерістер жалғасын табатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердіӊ арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы барлық елдердіӊ ынтымақтастығын кеӊейтуге тыӊ серпін берілетініне сенім білдірді.

Елбасы екіжақты және өӊіраралық өзара іс-қимылдыӊ әлеуеті зор екеніне тоқталды, сондай-ақ еліміздіӊ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда сындарлы диалог жүргізуге әзір екеніне назар аударды.

"Осы сәтті пайдалана отырып, сұхбатымызды Астанада жалғастыру үшін өзіӊізге ыӊғайлы уақытта Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуді ұсынамын", - делінген жеделхатта.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиеевке зор денсаулық, мемлекеттік қызметте жаӊа жетістіктер, ал бауырлас өзбек халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны