18.06.2009, 14:55 2755

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы 10 шаруа қожалығына "Беларус" тракторларын тарту етті

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы 10 шаруа қожалығына "Беларус" тракторларын тарту етті

Семей. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында осындағы 10 шаруа қожалығына жаңа "Беларус" тракторларын тарту етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Н. Назарбаев "СемАЗ" ЖШС-інде болды. Кәсіпорын басшылығы президентке "Беларус" тракторларын құрастыру цехын таныстырды. Бұл - Минск трактор зауытымен бірлескен жоба. Кәсіпорынның бас директоры Исемхан Досқожановтың айтуынша, бүгінгі жағдаймен кәсіпорын 100-ден астам трактор шығарды. Зауыттың жалпы қуаттылығы жылына 100 трактор шығаруға есептелген.

Исемхан Досқожанов қазіргі таңда зауыт өнімі шаруа қожалықтарының қызығушылығын тудырып отырғанын атап өтті. Қазақстанның бірнеше жеке шаруашылықтары отандық өндірістен шыққан тракторларды сатып алған. "СемАЗ" ЖШС құрастырған "Беларус" тракторы 2,5 млн теңгені құрайды, бұл Беларусьтағы баламасынан 500 мың теңгеге арзан.

Бүгін президент 10 жаңа "Беларус" тракторын облыстағы шаруа қожалықтарындағы көп балалы отбасыларға табыс етті.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев Кореяның Daewoo Bus компаниясымен бірлесе Daewoo маркалы автобустар құрастыру цехын аралады. "Біз келешекте ұзындығы бестен он бір метрге дейінгі бес түрлі автобус шығаруды жоспарлап отырмыз. Біздің өнімімізге тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Армения мен Изербайжанда да қызығушылық танытып отыр", - деді И. Досқожанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны