26.06.2008, 15:36 3332

Мемлекет басшысы Шымкенттегі "Гипер хаус" сауда үйінде болды

Мемлекет басшысы Шымкенттегі "Гипер хаус" сауда үйінде болды

Шымкент. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысына сапарының соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі "Гипер хаус" сауда үйінде болып, Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылатын азық-түлік тауарларының түрімен танысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Асар" ықшамауданынан кейін президент таяуда ашылған "Гипер хаус" сауда үйінде болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық әлеуеті зор екенін" атап өтті. "Мемлекет басшысы үкіметке Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен "Оңтүстік" ИКК бірлесіп облыста агротехникалық кешенді дамыту жөніндегі арнаулы жоба жасауды тапсырды. Бұл еліміздің азық-түлік қамтамасыздығы бағдарламасына қосатын нақты үлеске айналады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Елбасы бұдан кейін Шымкенттен жүріп кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны