03.02.2014, 21:24 6366

Мемлекет басшысы Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7 ақпанда Сочиде басталатын ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев хабарлады.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. 7 ақпанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде басталатын ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев хабарлады.

Ресми өкіл сондай-ақ, қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 49 спортшы қатысатынын мәлім етті.

Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын алып жүру құрметіне шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев ие болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны