04.09.2006, 15:46 2942

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен барады

ПЕТРОПАВЛОВСК. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы күндерде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президент әкімшілігіне сілтеме жасап.

5-қыркүйек, сейсенбіде Н.Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына барады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасының облысқа жұмыс сапары Тайынша аудандық орталығында басталады. Онда президент биоэтанол өндіретін "Биохим" ЖШС кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысады. Бұл жерде президент цехтарды аралап, құрылысшы, монтаждаушы мамандармен жүздеседі.

Сол күні Н.Назарбаев "Тайынша-Победа" ЖШС нің егіс алқаптарында болып, дихандармен кездеседі.

Сапардың екінші күні президент Петропавловск қаласындағы "Қызылжар" орталық мешіті мен православиелік Возненесения Господня шіркеуінде болады. Сонымен бірге Елбасы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен "Отан" партиясы филиалының кеңсесі құрылысында болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны