22.05.2009, 11:26 1337

Мемлекет басшысы ТМД мемлекет басшыларының арасында кешікпей әйелдер де пайда болады дегенге үміт білдірді

Мемлекет басшысы ТМД мемлекет басшыларының арасында кешікпей әйелдер де пайда болады дегенге үміт білдірді

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының арасында кешікпей әйелдер де пайда болады дегенге үміт білдірді. Бұл туралы ол бүгін Ақордада ТМД үкімет басшыларымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін үкімет басшыларының арасында екі әйел бар: Украина үкімет басшысы Юлия Тимошенко және Молдова үкімет басшысы Зинаида Гречаная, және біз ТМД елдерінің президенттері арасында кешікпей біздің әйел-әріптестеріміз де пайда болады деген үмітіміз бар", - деді Н. Назарбаев.

"Мен олардың қызметінен үлкен табыс тілеймін", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны