17.06.2015, 18:09 3352

Мемлекет басшысы Түркияныӊ тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдіӊ қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көӊіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президентініӊ көӊіл айту жеделхатында түрік халқыныӊ ғана емес, барша түркі әлемініӊ мақтанышы болған, дүниежүзілік деӊгейде кеӊінен танымал саяси және мемлекет қайраткерініӊ өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеӊгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еӊбек сіӊірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды", - делінген жеделхатта. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардыӊ және жеке өзініӊ атынан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көӊіл айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны