23.07.2007, 15:33 2679

Мемлекет басшысы үкімет және президент әкімшілігінің жетекшілерімен еліміздің экономикалық даму мәселелерін талқылады

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев үкімет және президент әкімшілігінің жетекшілерімен кеңес өткізді, онда еліміздің экономикалық дамуына қатысты кейбір мәселелер қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, кеңесте мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі мен "Қазына" тұрақты даму қорының жұмыс тиімділігі талданып, алдағы әкімшілік реформалардың қыр-сыры талқыланды.
Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков, оның орынбасарлары Оңалсын Жұмабеков пен Владимир Школьник, вице-премьер - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны