15.02.2010, 18:12 3315

Мемлекет басшысы Украина президенті болып сайлануына байланысты Януковичке жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Украина президенті болып сайлануына байланысты Януковичке жеделхат жолдады

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенттігіне сайлануына байланысты Виктор Януковичтің атына құттықтау жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен жемісті ынтымақтастық алдағы уақытта да Қазақстан мен Украина халықтарының игілігіне белсенді дами береді деп сенемін. Осы сәтті пайдаланып, Сізге мықты денсаулық және табыстар, ал украин халқына - игілік пен гүлдену тілеймін", - делінген құттықтау жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны