03.11.2015, 21:08 3961

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронныӊ 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тыӊ серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан үкіметініӊ мүшелері британ тарапымен маӊызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті.

Астана. 3 қараша. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығыныӊ негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронныӊ 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тыӊ серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан үкіметініӊ мүшелері британ тарапымен маӊызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін соӊғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеӊісімен және жаӊа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.

Осы бір күрделі кезеӊде Сіздіӊ ел жетістіктерге жетіп отырғанын атап айтқым келеді. Меніӊ сапарымныӊ бағдарламасыныӊ тығыздығы біздіӊ қарым-қатынасымыздыӊ жоғары деӊгейде екенін көрсетеді, - деді Мемлекет басшысы.

Д.Кэмерон инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында Қазақстанныӊ керемет табыстарға жеткеніне назар аударды. Ұлыбритания Премьер-министрі сондай-ақ бүгінде елдеріміздіӊ келіссөздер өткізетін мәселелер аясы кеӊ екенін айтты және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды жүзеге асыру жайын талқылауға ниетті екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарт;

- Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлыбритания Министрлер кабинетініӊ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

- Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы туралы шарт;

Кездесу соӊында Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны