16.07.2018, 23:55 4021

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елімізде қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Астана. 16 шілде. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктіӊ бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарыныӊ қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елімізде қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

- Қазір бізде ұлттық валюта мен экономиканыӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Бірінші жарты жылдықта экономика 4 пайыздан астам өсті. Құбылмалы бағамға көшкеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деӊгейде ауытқулардыӊ болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардыӊ әл-ауқатына әсер етпейді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті банк секторын сауықтыру үшін қабылданған шаралар жөнінде айтты.

- Мемлекет тарапынан банктерге айтарлықтай көмек көрсетілді. Банк жүйесін қолдау мақсатымен үш триллион теӊге бөлінді. Сонымен қатар, валюталық реттеу және Ұлттық банктіӊ қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заӊнаманы қайта қарадық. Сондықтан, банктердіӊ экономикаға, соныӊ ішінде шағын және орта бизнес саласына несие беру жұмысын жандандыру қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы тұрғындардыӊ салымдарын адал жұмыс істемейтін акционерлердіӊ алаяқтық әрекеттерінен қорғау мақсатымен Ұлттық банк төрағасыныӊ назарын банк секторыныӊ жұмысын ретке келтіру қажеттігіне аударды.

Д.Ақышевтіӊ мәліметіне сәйкес, негізгі көрсеткіштер бойынша, еліміздіӊ қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасып отыр.

- 2018 жылғы маусым айыныӊ қорытындысы бойынша инфляцияныӊ жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл - соӊғы үш жыл ішіндегі еӊ төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деӊгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық валюта бағамыныӊ өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар жөнінде баяндады.

- Теӊге бағамыныӊ өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор - Қазақстанныӊ сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор - басқа валюталарға қатысты доллардыӊ бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардыӊ мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Жалпы, елімізде шетелдік валютаға деген сұраныстыӊ төмендегені байқалып отыр, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Кездесу соӊында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны