05.05.2014, 20:40 7760

Мемлекет басшысы Жеңіс Күніне арналған шараларға қатысады

Ақорданың ресми порталы 9 Мамыр қарсаңында ұйымдастырылған шараларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатындығын хабарлады.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Ақорданың ресми порталы 9 Мамыр қарсаңында ұйымдастырылған шараларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатындығын хабарлады.

"6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтар беру рәсімдері өтеді",- делінген хабарламада.

7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру болады.

9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны