30.09.2015, 10:07 7398

Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі саммитке қатысты

Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген еӊ елеулі қатерге айналып, халықаралық терроризмніӊ өсуіне ықпал етіп отырғанын атап көрсетті

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген еӊ елеулі қатерге айналып, халықаралық терроризмніӊ өсуіне ықпал етіп отырғанын атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бізге жаӊа әлемдік мәміле керек. Мемлекеттер саяси ерік-жігер танытуға және ортақ қауіпке қарсы күш біріктіруге тиіс. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемніӊ қолынан келді. Біз 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін бірлігімізді паш еттік. 2013 жылы Вашингтон мен Мәскеудіӊ жаһандық жауапкершілігіне куә болдық, олар Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша ынтымақтастық жөнінде уағдаласты. Биылғы шілде айында Иран ядролық бағдарламасы бойынша тағдыршешті келісімге қол жеткізілді. Жетекші державалар қазіргі келіспеушіліктерінен жоғары тұра білді. Бүгін де олар бүкіл өркениетті адамзатқа елеулі қатер төндіріп отырған терроризмге қарсы біріге алады деп үміттенеміз, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев елдердіӊ бірлескен күш-жігерін жұмылдырған жөн болатын бірқатар бағыттарды атады.

Соныӊ ішінде Мемлекет басшысы терроризмді жаһандық қатер ретінде танудыӊ маӊыздылығын айтты.

БҰҰ антитеррорлық коалициясын құрып, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге және террористік қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеу, ұстау және экстрадициялау бойынша бірыӊғай іс-қимыл тетігін әзірлеген жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті БҰҰ аясында зорлық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған барлық қарарлар мен шешімдердіӊ ұсынымдық сипатынан міндеттеу тұрпатына көшу қажеттігін де айтты.

Олар Қауіпсіздік кеӊесі деӊгейінде қаралуға және бекітілуге тиіс. БҰҰ-ныӊ 2006 жылы қабылданған Жаһандық контртеррористік стратегиясыныӊ негізгі ережелерін Қауіпсіздік кеӊесініӊ қарарымен бекіткен жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемге террористер мен экстремистерге қарсы іс-қимылдыӊ әмбебап және барлық мемлекеттерге міндетті нормалары мен ережелері қажеттігіне назар аударды.

БҰҰ аясында экстремистік және террористік құрылымдар ұғымын біріздендіру қажет, оларды әлемдік заӊнамадан тысқары деп жариялау құқығын тек Қауіпсіздік кеӊесіне беру керек. Террористік ұйымдардыӊ бірыӊғай тізбесін жасау маӊызды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы халықаралық терроризмге және экстремизмге қатысы бар тұлғаларды қудалау және экстрадициялаудыӊ ортақ тетігін әзірлеудіӊ маӊыздылығына тоқталды.

Оларға қолдау көрсеткендерге қатысты еӊ қатаӊ санкциялар қолданылатынын нақтылап бекіткен жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмніӊ салдарымен ғана күресіп қоймай, оныӊ бастапқы себептерін жою қажеттігін де айтты.

Бұл орайда мемлекеттердіӊ қандай елде болмасын, мемлекеттілікті күйретуге әкелетін кез келген күштіӊ конституциялық емес және құқықтық емес әрекетін қолдаудан түпкілікті бас тарту маӊызды мәнге ие, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ террорға қарсы мемлекеттер коалициясына он төрт жыл бұрын, 11 қыркүйектегі қасіреттен кейін мүше болғанын еске салды.

Биылғы маусым айыныӊ аяғында Астанада Орталық және Оӊтүстік Азия елдерініӊ зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі өӊірлік конференциясы өтті. Біз қазір де зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен халықаралық терроризмді жою жөніндегі ұжымдық күш-жігерді қолдайтынымызды тағы да мәлімдейміз, - деді Қазақстан Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны