10.10.2017, 17:04 4826

Мемлекет басшысына қазақ тілініӊ латын қарпіне негізделген бірыӊғай стандартыныӊ жобасы таныстырылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобыныӊ мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобыныӊ мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілініӊ латын қарпіне негізделген бірыӊғай стандартыныӊ жобасы ұсынылды.

Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаӊғыру бағдарламасы аясындағы маӊызды мәселелердіӊ бірі екенін атап өтті.

- Бұл күндері қазақ тілініӊ жаӊа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуыныӊ латын қарпіне көшуі әрдайым меніӊ айрықша бақылауымда болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте, Елбасы латын қарпіне көшу үдерісініӊ тарихи мәні бар екеніне тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.

- Илемде ешбір ел өзініӊ жаӊа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамныӊ пікірін білу маӊызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Икімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардыӊ бұл үдерісті қолдағаны қуантады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілініӊ жаӊа әліпбиініӊ жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердіӊ, ғылыми орта мен жұртшылықтыӊ белсенді түрде атсалысқанына назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне атқарылған жұмыстардыӊ нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтыныӊ директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудыӊ республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығыныӊ директоры Е.Тілешов баяндады.

Елбасы жиынға қатысушылардыӊ есебі мен пікірлерін тыӊдап, айрықша мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

- Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардыӊ негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маӊызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл реформа басқа тілдердіӊ дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардыӊ құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.

- Қазақ тілініӊ латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардыӊ құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердіӊ мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілініӊ кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаӊа әліпбиге көшу қазақ тілін меӊгеруді жеӊілдетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оныӊ мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеӊістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаӊа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезеӊ-кезеӊімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны