09.06.2016, 18:48 4853

Мемлекет басшысыныӊ атына Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путиннен көӊіл айту жеделхаты келіп түсті

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбе қаласында террористердіӊ зұлымдық әрекеті салдарынан қазақстандық әскери қызметшілер мен еліміздіӊ бейбіт тұрғындарыныӊ қаза болуына байланысты көӊіл айтты

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбе қаласында террористердіӊ зұлымдық әрекеті салдарынан қазақстандық әскери қызметшілер мен еліміздіӊ бейбіт тұрғындарыныӊ қаза болуына байланысты көӊіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Болған оқиға терроризмніӊ шекара талғамайтынын және әлемніӊ барлық елі мен бүкіл халқы үшін айқын қатер төндіретінін тағы да көрсетіп берді. Бұл зұлымдықты тек барша жаһан жұртшылығы болып күш-жігер жұмылдыру арқылы жеӊуге болады. Ресей Қазақстанмен антитеррорлық бағыттағы серіктестік өзара іс-қимылды бұдан әрі де нығайтуға әзір екенін білдіргім келеді", - делінген жеделхатта, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ресей Президенті қаза болғандардыӊ туған-туыстары мен жақындарына шын ниетпен көӊіл айтатынын және содырлардыӊ қолынан зардап шеккендердіӊ барлығыныӊ тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізуді өтінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны