19.07.2016, 17:59 4124

Мемлекет басшысыныӊ барлық тапсырмалары бағдарлама әкімшілері мен әкімдердіӊ ерекше бақылауында болуы тиіс - К.Мәсімов

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын қорытындылай келе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын қорытындылай келе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Экономика оӊ аймаққа шықты. Енді осы жетістікті бекіту аса маӊызды. Президенттіӊ тапсырмасы бойынша қабылданған барлық бағдарламалар, барлық шешімдер әр бағдарлама әкімшісініӊ, әр әкімніӊ ерекше бақылауында болуы тиіс. Экономика сезіне бастады, бірақ адамдар әлі сезінген жоқ. Экономикалық көрсеткіштердіӊ адамдарға жеткені аса маӊызды. Бұл жұмыс орындарына, жалақыға және өзге де мәселелерге қатысты", - деді Премьер-Министр, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

К. Мәсімов баса айтып өткендей, ол өӊірлерге жұмыс сапарларын жалғастырады, онда жұмыспен қамту және жаӊа жұмыс орындарын құруға ерекше көӊіл бөлінеді.

Сондай-ақ, Премьер-Министр жиналғандарға мемлекет пен билік өз азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны