29.01.2009, 17:56 3165

Мемлекет басшысының Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысу бағдарламасының екінші күні әлемдік бизнес-элита өкілдерімен кездесуден басталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнайы ұйымдастырылған таңғы асқа ірі 30 әлемдік компанияның басшылары, олардың қатарында француздың "Тоталь" мұнай-газ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тиерри Десмарест, "Сорос фонд менеджмент" компаниясының төрағасы Джордж Сорос...

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысу бағдарламасының екінші күні әлемдік бизнес-элита өкілдерімен кездесуден басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнайы ұйымдастырылған таңғы асқа ірі 30 әлемдік компанияның басшылары, олардың қатарында француздың "Тоталь" мұнай-газ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тиерри Десмарест, "Сорос фонд менеджмент" компаниясының төрағасы Джордж Сорос, "Северсталь" компаниясының бас атқарушы директоры Алексей Мордашев, "Ройал Датч Шелл" компаниясының басшысы Жорма Оллила, "Барклайс Капитал" компаниясының вице-төрағасы Марк Хольтсман, "АрселорМиттал" компаниясының бас атқарушы директоры Лакшми Миттал, сондай-ақ танымал америкалық экономист Майкл Портер қатысты.

Бейресми әңгіме аясында кездесуге қатысушылар әлемдік экономикада қалыптасқан ауыр жағдайды талқылап, жаһандық дағдарыстан шығу жолдарына қатысты өз ойларын ортаға салды. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарамастан, тоқыраудан кейінгі кезеңде ашылатын перспективалар туралы ойластыру қажеттігін атап көрсетті және әлемдік бизнес өкілдерін елімізбен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Сол күні Қазақстан президенті "Мұнай және газ геосаясаты - өтпелі жағдайдың картасы" атты энергетикалық саммитке қатысты, оған Изербайжан президенті Ильхам Илиев пен Армения президенті Серж Саргсян, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Абдалла Эль Бадри, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) атқарушы директоры Нобуо Танака, бірқатар мемлекеттердің салалық министрліктері мен ірі энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар әлемдік энергетикалық нарықты дамытудың келешегіне және оған геосаясаттық ахуал мен жаһандық экономикалық дағдарыстың тигізер әсеріне қатысты пікір алмасты.

Өзінің сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы энергетикалық қауіпсіздік саласында диалогтың әмбебап тетіктерін құру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев РФ үкімет басшысы Владимир Путинмен қысқаша сұхбат құрды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны